Қауіпсіздік белдігінің не керегі бар?

Еліміздің Ішкі істер министрлігі берген ресми ақпаратқа сәйкес, елімізде соңғы жарты жылда 6000-нан артық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соның салдарынан 8000-нан артық адам жарақат алып, 1000-ға жуығы қаза тапты.

Жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамауы, жауапсыздығы, салғырттығы жол-көлік апаттарының басты себебі болып отыр. Осы орайда жол-көлік оқиғаларында адам өлімі мен ауыр жарақаттардың алдын алуға септігі зор қауіпсіздік белдігінің рөлі көп жағдайда ескерілмейтінін айта кету керек. Алайда статистикаға сүйенсек, қауіпсіздік белдіктері маңдайдан соқтығысқанда өлім мен ауыр жарақат алу қаупін 2-2,5 есеге, бүйірден соқтығысқанда 1,8 есеге, аударылып кету кезінде 5 есеге азайтады.

100 000-нан астам жазатайым оқиғаның талдауына сәйкес, артқы жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпаса, алдыңғы орындық жолаушының апаттан қайтыс болу мүмкіндігі бес есе жоғары. Алдыңғы орындық жолаушылардың 80%-ға жуығы артқы жолаушылар қауіпсіздік белдігін таққан жағдайда аман қалуы мүмкін.

Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, қауіпсіздік белбеуі қалада төмен жылдамдықпен келе жатқан апат кезінде адамдардың өмірін 100 пайызға сақтайды. Көптеген зерттеулер тіпті 30 км/сағ жылдамдықта болған көлік соқтығысы кезінде өлім болуы мүмкін екенін растайды. Көлік сағатына 30, 40, 50 және одан да көп километр жылдамдықпен келе жатқандағы апаттар кезінде белдіктер, егер олар дұрыс бекітілген болса, көлік жүргізушісі мен жолаушының өмірін сақтауға кепілдік береді. Бірақ жылдамдық өскен сайын өлімге әкелетін жарақаттардың саны да артады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 60 км/сағ жылдамдықта қауіпсіздік белдігін таққан 10 адамның 8-і мүлде жарақат алмайды. Жалпы алғанда, қауіпсіздік белбеуінің тиімділігі ғалымдардың пікірінше – 60-70%. Яғни адам көлік апатынан қайтыс болған жерде оның тірі қалуға айтарлықтай мүмкіндігі болды деген сөз, ауыр жарақат алған жерде жеңілімен, ал жеңіл жарақат алған жағдайда тек көгерген жерлермен құтыла алатын еді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді

Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматы өзгереді. Оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.