Хабар

Қауіпсіз су: қарағандылық балаларды суда жүзуге үйретеді

Қарағанды облысы әкімінің бастамасымен дене шынықтыру және спорт басқармасы Қарағанды және Темрітау білім бөлімдерімен бірелісіп, балаларға суда жүзу машықтарын үйретуді ұйымдастырды. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар суда жүзу негіздерін тегін үйренеді. Қалған бастауыш және орта сынып оқушылары үшін бір сабақтың құны 250 теңгені құрайды.

Балалар мен жасөспірімдер сарайының жанындағы бассейнде алты жалпы білім беретін мектептің балалары жаттығады. Оқыту сенбі және жексенбіден басқа күндері 10.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі. Сабақ 45 минутқа созылады.

Шектеулерге байланысты топта 15 баладан артық блолмайды, – деп түсіндірді олимпиадалық резервтегі жүзу спорт мектебінің директоры Молдабек Шерімов. – Оқу жылы басталғанға дейін бір жарым мың баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің бассейн 1 тамызға дейін жұмыс істейді, содан кейін косметикалық жөндеуге жабылады. Әзірше уақыт бар, Қарағандының барлық мектептерін «Қауіпсіз су» акцияысына қатысуға шақырғым келеді.

Жүзу бойынша жаттықтырушы Ирина Назарованың айтуынша, аталмыш акция бірнеше өмірді құтқаруға көмектеседі.

Жалпы, біз жыл сайын жазда мектеп лагерлерінің балалары үшін сабақтар өткіземіз. Жүзу бойынша бастапқы білімді үйретеміз. Бірінші дағды – судан қорықпауды және дұрыс дем алуды үйрену. Бізге суда өзін қалай ұстау керектігін білмейтін балалар келеді. Біреу тез үйренеді, біреуге ұзақ уақыт қажет. Ал, көзге түскен балалалрды жүзу мектебімізге жазамыз, – дейді жаттықтырушы.

Балалар жүзу сабақтарына қуана қатысады. Нұсқаушыларды мұқият тыңдап, олар судан қорқу сезімін жеңіп, өмірлік дағдыларды игере отырып, жүзуді үйренеді.

Мен бассейнге келгенде жүзе алмадым. Бір күн ішінде үйреніп алдым, – дейді №97 гимназияның 3-сынып оқушысы Настя Мешалкина. Мұнда су өте жылы. Жаттықтырушы бәрін түсіндіреді, суға түсуді, дұрыс дем алуды, судың ұстап тұрғанына сенуді үйретеді.

23 маусымнан бастап мұндай сабақтар Теміртау «Жастар» бассейнінде де өтіп жатыр. Бүгінгі таңда жүзу бойынша сабақтарды қаланың 25 мектебінен 396 оқушы алуда. Жаттығулар демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын 09:00-ден 10:00-ге дейін және 10:00-ден 11:00-ге дейін өткізіледі. Мамандар атап өткендей, бассейнге күніне 80 оқушы барады.

Бұл іс-шараның мақсаты – жазғы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу. Су айдындарында балалар суға батып кеткен жағдайлар өте көп. Мен барлық балалардың жүзе білгенін қалаймын. 1 шілдеден бастап «Жастар» бассейні жөндеуге жабылады. Бірақ 1 тамыздан бастап сабақтар қайта басталып, оқу жылы басталғанға дейін жалғасады, – деді Теміртау қаласының білім беру бөлімінің бас маманы Айман Әшкеева.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button