Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.
Сапар барысында Президент өңірдегі өндірістік кәсіпорындармен, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен танысады. Іссапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралаудан басталды.

Мемлекет басшысына әуежайдың жұмысы, ішкі және халықаралық бағыттардағы әуе рейстеріне қызмет көрсету барысы туралы ақпарат берілді. Тоқаевқа жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық және кедендік бақылау бекеттері, күту залы мен автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Айта кетейік, жаңа терминал өткен жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Жобаны іске асыруға 16,6 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған, ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге жергілікті бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлінген.

Статьи по теме

Back to top button