Воскресенье, 26.06.2022

Қаржы пирамидаларын жарнамалағандар қылмыстық жауапқа тартылады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қаржы пирамидаларына қатысты заңды қарады. Депутат Юрий Ли заңның негізгі мақсатын түсіндіріп берді.

Бұл заң жобаларының негізгі мақсаттары – қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою арқылы жалған қаржы пирамидаларының кең таралуына депутаттардың жедел ден қоюы, сондай-ақ қаржы (инвестиция) пирамидаларын құру және жарнамалау үшін жауапкершілікті күшейту, — деді Мәжіліс депутаты.

Заң жобалары мынаны көздейді:

— қаржы (инвестиция) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру;

— қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;

— сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша тергеулігін айқындау;

— қылмыстық іс-әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтардан ажырату;

— құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына жеке және заңды тұлғалардың ақшасын және өзге де мүлкін тартуға байланысты жарнама қызметіне тыйым салуды енгізу.

Мәселен, түзетулер Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Жарнама туралы» заңға енгізіледі. Бастамашылық жасалған түзетулер азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен активтерін қорғау деңгейін едәуір арттыруға, қаржы (инвестиция) пирамидаларының қызметін ескертуге, қаржы пирамидаларын құру және оларды жарнамалау кезінде құқық бұзушылардың іс-әрекеттерін неғұрлым нақты саралауға мүмкіндік береді, — деп айтты Юрий Ли.

Депутаттар қаржы пирамидаларына қатысты екі заңды қарады:

— «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

— «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ыстық күндері қалай терлемеуге болады?

Тер бөліну бірнеше маңызды қызметтерді атқарады. Солардың бірі — жылуды реттеу. Сондай-ақ, термен бірге ағзадан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.