
«Қарызсыз қоғам»
Несиесі мен берешегі бар азаматтар өз қаржысын дұрыс басқаруды үйреніп, қаржылық жағдайын жақсарта алады. Қарағанды облысында бұл бағытта Amanat партиясының бастамасымен іске қосылған «Қарызсыз қоғам» жобасы сәтті жұмыс істеп келеді.
Жобаның негізгі мақсаты — азаматтарға қаржылық сауаттылықты арттыруға, қарыз жүктемесін азайтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесу.
«Қарызсыз қоғам» екі бағытта қолдау көрсетеді:
-
тегін қаржылық оқыту курстары;
-
заңгерлік көмек, әсіресе несиесін 90 күннен астам уақыт төлей алмаған азаматтарға арналған.
Жобаның Instagram парақшасында — @qaryzsyz_qogam — нақты адамдардың өмірінен алынған оқиғалар жарияланып тұрады. Онда азаматтардың банкроттық рәсімінен өтуіне, шоттардағы бұғаттарды алып тастауына және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуіне көмектескен жағдайлар баяндалады.
Мысал ретінде: жобаға жүгінген бір тұрғынның қарызы 5 миллион теңгеден асып кеткен. Бастапқыда жай ғана автонесиеден басталған жағдай, уақыт өте келе қаржылық тығырыққа тіреліп, үлкен қиындыққа айналған. Сарапшылар оған қажетті құжаттарды жинауға және банкроттық рәсіміне өтініш беруге көмектескен.
Жоба аясында азаматтарға:
-
коллекторлардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоюға,
-
несиелерді қайта құрылымдауға,
-
құқықтық және қаржылық кеңес алуға мүмкіндік беріледі.
Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған тегін онлайн-курстар qogamfin.kz сайтында қолжетімді. Платформада:
-
жеке қаржы басқару,
-
заңнама негіздері,
-
коллекторлармен тиімді әрекеттесу бойынша бейнесабақтар мен практикалық кеңестер бар.
Курстарға кез келген адам тіркеліп, телефон нөмірі арқылы қатыса алады. Сонымен қатар, офлайн-форматтағы сабақтар да ұйымдастырылып тұрады.
Кеңес алу немесе оқуға жазылу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз:
8 700 855 85 85
8 708 808 01 54
WhatsApp: 8 700 023 01 44

