Қарағандының Кеншілер мәдениет сарайында ашық есік күні өтеді

Ұйымдастырушылар кеншілер мәдениет сарайының Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтінін еске салады.

Сенбі, 4 қыркүйекте Кеншілер мәдениет сарайында ашық есік күні өтеді. Келушілерге мәдениет сарайында жұмыс істейтін шығармашылық студиялар, үйірмелер мен секциялар жайлы айтылады.

Мұнда шығармашылық үйірмелер мен ансамбльдерге, сондай-ақ қызығушылық бойынша клубтарға қабылдау жүргізіледі.

«Жыл сайын қыркүйектің басында біз ашық есік күнін ұйымдастырамыз. Ересектер мен балалар Кеншілер мәдениет сарайына келіп, біздегі үйірмелер жайлы біле алады. Олардың басым бөлігі тегін өтеді. Биыл хормен ән айту және вокал, би ұжымдарына, домбыра ансамбліне, театр үйірмесіне, вокалды-аспаптық ансамбльге, көлөнер және қызығушылық бойынша үйірмелерге қабылдау жүргізіледі», — деп хабарлады кеншілер мәдениет сарайындағылар.

Тегін үйірмелер:

— «Көзкөргендер» және «Поющие сердца» ардагерлер ансамблі;

— «До-ми-соль» балалар вокал студиясы;

— «Шабыт» эстрадалық орындаушылар студиясы;

— «Шахтёрский» халық ансамблі және «Мерей» би орталығы;

— вокалды-аспаптық ансамбль;

— «Ақжелең» домбыра ансамблі;

— «Дарын» театр үйірмесі;

— әуесқойлық клубтар: «Марианна» авторлық (бардтық) әндер халық клубы, композиторлар халық клубы, «Ардагерлер-2012» шахмат клубы және «Оптимисты» ардагерлер клубы.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері бойынша білуге болады: (8-7212) 41-18-01, 8-702-164-81-87.

КМС Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтінін еске салады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр – Үкімет

2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91% және жергілікті жолдардың 85% нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.