Қарағандылықтарды «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырады»

Жер шарындағы ең ауқымды экологиялық акция 27 наурызда өтеді. Экология департаменті барлық қарағандылықтарды осы іс-шараға қатысуға шақырады.

Алғаш рет «Жер сағаты» 2007 жылы Австралиядағы жабайы табиғат қорымен ұйымдастырылды. Қарағанды облысы акцияға екі жылдан кейін қосылды. Енді бұл жыл сайынғы халықаралық іс-шараны өңіріміздің тұрғындары ғана емес, сонымен қатар ірі өндірістер де қолдайды.

Акцияның мақсаты – жарық көздері мен электр құралдарын бір сағатқа-жергілікті уақыт бойынша 20.30-дан 21.30-ға дейін ажырату. Осылайша, ұйымдастырушылар планетаның ресурстарына жауапты қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп адамды тартуға тырысады.

Биылғы жылы акцияны ЖЭО-1, ЖЭО-3, «Nova Цинк» компаниясы, Жәйрем КБК, «АрселорМиттал Теміртау», «Қарағанды Су», «Шұбаркөл көмір» қолдайды. Сондай-ақ, GGG спорт кешені, Орталық саябақ, ОӘД, «Абзал», «Таир», «Арбат», «Абсолют» секілді ірі сауда орталықтары.

«Біз тұрғындарымыздың планета ресурстарының сарқылуы және климаттың өзгеруі туралы ойланғанын қалаймыз. Акцияға қосылып, қатысыңыздар», — дейді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Айжан Ерболаева.

«Жер сағаты» деген не?

Бұл Дүниежүзілік табиғатты қорғау қорының (WWF) жыл сайын наурыздың соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өткізетін акциясы. Белгіленген күні осы ақпаратты естіген әлем тұрғыны 1 сағат жарықты және энергия қуаттарын өшіреді. Акцияның жалпы мақсаты – табиғаттағы мәселелерге әлемдік деңгейде көңіл бөліп, қолдан келгенше кең көлемде қорғау.

Бұл акция табиғатты бір күнде қайта қалпына келтірмесе де, атмосфераны ластайтын электр энергиясын бір уақытқа тежеп, адамзат баласының күш біріктіріп қорғай алатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда «Жер сағаты» жобасы адамзат тарихындағы ең үлкен акция болып табылады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Мұғалім балаларға келемеждеудің соңы неге әкелетінін түсіндірудің тамаша амалын тапты

Бүгін сабаққа екі қызыл әдемі алма алып келдім. Балалар мұны көрмеді, бірақ алманың біреуін білдіртпей, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.