
4 мамыр күні сағат 17:00-де Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында хор музыкасына арналған ерекше концерт өтеді. Қарағанды музыкалық комедия театрының әртістері өздерінің әсерлі дауыстары мен ерекше аранжировкалары арқылы тыңдармандарға жаңа музыкалық әсер сыйлайды.
Концерттің бірінші бөлімінде ХХ–ХХІ ғасырдағы халық әндерінің заманауи өңдеулері, джаз және эстрадалық шығармалар ұсынылады. Бағдарламада соғыс жылдарынан белгілі «Смуглянка» әні, «Король лев» мультфильмінің музыкасы және заманауи британ композиторы Боб Чилкоттың «Кішкентай джаз месасы» бар.
Концертмейстер – Александра Сидорова.
Дирижер – театр хормейстері Денис Федулов.
Екінші бөлімде хор оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және әлемдік опера классикасынан хор сахналарын орындайды. Джузеппе Верди, Петр Чайковский, Жорж Бизе, Сергей Рахманинов, Джованни Баттиста Перголези, Габриэль Форе, Руджеро Леонкавалло секілді ұлы композиторлардың шығармаларынан үзінділер ұсынылады.
Дирижер – халықаралық конкурстар лауреаты Алексей Гусак.
Бұл концерт – хор өнерінің дамуын, дәуірлер мен стильдер алмасуын тамашалауға таптырмас мүмкіндік.