Қарағандылық оқушылар бүкірлікпен күресу үшін құрылғы әзірледі

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Малика Мейрамова, Дильназ Тапина және Индира Дулатова бүкірлікпен күресу үшін PosTrue құрылғысы мен мобильді қосымшасын әзірледі.

Қыздардың жобасы Skills Up хакатонының аймақтық кезеңінде жеңіске жетті.

Жетекшілері – математика пәнінің мұғалімдері Сәулебек Мақашев пен Есентай Өнер.

Біз оқушылар арасында сауалнама жүргіздік, көбісі бүкірейетінін атап өтті. Бұл омыртқааралық жарыққа, тыныс алу жолдарының деформациясына, ыңғайсызданудың пайда болуына, шаршау мен ауырсынуға әкеледі. Біздің жоба бүкірею және оның салдары – бұлшықеттердің дамымауы және позаның өзгеруі сияқты мәселелерді шешеді. Мақсатты аудитория – бұлшық еттері қатаймаған 1–2 дәрежелі бүкіреюі бар 12–55 жас аралығындағы адамдар. PosTrue құрылғысы MPU6050 гироскоп сенсорларынан, Arduino Uno және Bluetooth модулінен тұрады. Датчиктер омыртқаның иілімдеріне орналастырылады. Құрылғыны пайдалану омыртқа қалпын біртіндеп жақсартуға көмектеседі. Қолданба клиент-серверлі болып табылады. Оны дәрігерлер де, пациенттер де қолдана алады, – дейді жоба авторлары. 

Әзірлеушілер айтқандай, пайдаланушы құрылғыны 10 минут бойы киеді және осы уақыт ішінде ол туралы деректер сақталады. Оларға сәйкес қосымшада график құрылады, яғни иілу бұрышының нормасы анықталады және осыған сүйене отырып, бүкірею дәрежесі бақыланады. Қосымша арқылы дәрігер өз пациентін бақылай алады. Сондай-ақ, қолданбада күнтізбе бар, онда пайдаланушы қолданбада бар жаттығуларды жасағанын белгілейді. Сонымен қатар, клиникалардың, массаж терапевттерінің, бассейндердің, спорт залдарының орналасқан жері және олар туралы ақпарат (телефон нөмірі, шолулар, әлеуметтік желілер және т. б.) көрсетілген карта бар.

PosTrue – бұл сіздің арқаңызды тегіс ұстайтын корсет емес. PosTrue адамның өзі прогресті көре алатындай етіп позаны біртіндеп жақсарту үшін жасалған құрылғы.

PosTrue мобильді қосымшасы үш тілде қол жетімді. Жақында мектеп оқушылары оны бета нұсқасында іске қосқысы келеді. Содан кейін олар Instagram арқылы жарнамалауды жоспарлап отыр.

Жақында біз өз жобамызды хакатонда таныстырып, финалға шықтық. Аймақтық іріктеу турына барлығы 20 команда қатысты, олардың барлығы дерлік колледждер мен университеттерден болды. Енді біз Алматыда жобамызды қорғаймыз. Болашақта біз құрылғымыздың жаппай өндірісін жолға қойып, оны тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД-да таратқымыз келеді, – дейді Дильназ Тапина.

Skills Up жастар хакатоны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Ұлттық білім апталығы аясында ұйымдастырылды. Аймақтық іріктеу турлары елдің төрт қаласында өтеді. Финалға үздік стартаптар өтеді – әр аймақтан үш команда қатысады. Хакатонның соңғы кезеңі Алматыда өтеді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегі белгіленді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.