Хабар

Қарағандылық археологтар қола дәуірінің сирек кездесетін артефактілерін тапты

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының археологтары қола дәуірінің тұтқасы бар шот балта мен “құйрықты” пышақ тапты. Мұндай тұрмыстық заттар Қазақстан аумағында алғаш рет табылды.

Ғалымдар артефактілерді Талды тарихи-археологиялық паркінің аумағында зерттеу барысында тапты. Ол Қарағанды облысының Шет ауданында орналасқан.

“Талды қаласында біз қола дәуірінің бес ірі нысанынды зерттедік. Олар концентрлік қоршаулармен қоршалған жер қорғандары. Яғни, шетіне орнатылған плиталар. Жерлеу топырақ шұңқырлары мен тас жәшіктерде жүргізілді. Бағдары – Батыс – Шығыс. Басына геометриялық ою-өрнекпен әшекейленген қыш ыдыстар қойылған. Айта кету керек, ол заманда ыдыс-аяқтар өте жоғары бағаланған. Мысалы, жарықтар пайда болған жағдайда керамика мыс қапсырмалармен тартылды”, – дейді археолог Игорь Кукушкин.

Әйелдер, әдетте, жерлеу рәсімдерінде зергерлік бұйымдармен бірге жүреді. Бұл білезіктер, моншақтар, тарақтар, айылбастар. Ал ер адамды жебелердің ұштары бар және пышақтармен қоса жерлеген. Осындай жерлеулердің бірінен сирек кездесетін құралдар табылды. Алдымен археологтар “құйрықты” пышақты тапты.

“Пышақтардың дәстүрлі пішіні жапырақ тәрізді. Қайрау екі жағынан да жүреді. Оларды қанжар деп атауға болады. “Құйрықты” класына жататын пышақты біз алғаш рет тауып отырмыз. Ол пышақтың жүзі тік емес, иілген доға іспеттес. Бір бөлігі өткірленген, екіншісі қалыңдатылған. Ол тұрмыста қолданылады. Пышақ көлемді және ыңғайлы. Мүмкін, бұл пішіндегі пышақ басқа бір құралдан қарап жасалған болуы мүмкін”, – деп түсіндіреді Игорь Кукушкин.

Тағы бір таңғажайып олжа шот балта болды. Бұл заманауи кескішке ұқсас ағаш ұста құралы.

“Шот балта ағаш өңдеу үшін пайдаланылды. Оның көмегімен күймелер, қынаптар, ас үй ыдыстары жасалды. Табылған құралдың бірегейлігі – оның тұтқасы бар. Ол мүйізден жасалған. Ең қызығы – тұтқаны бекіту әдісі. Ол бізге шот балтаның жұмыста қалай қолданылғаны жайлы сыр шертеді. Осы жылдары Талдыдағы қазба жұмыстары аяқталды. Археологтар одан әрі жұмыс және зерттеу жүргізу үшін көп материалдар жинады”, – дейді археолог.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button