Қарағандыда жылыту маусымы 30 қыркүйектен басталады

Қарағандыда 28 қыркүйекте балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастайды.

Ал жаппай жылу беру маусымы 30 қыркүйекте басталады.

2022-2023 жылғы жылыту маусымының басталу күні қала әкімдігінде өткен арнайы комиссия отырысында облыстық мәслихат шешімін, Қарағанды гидрометеорология орталығының деректерін негізге ала отырып және барлық мүдделі тараптың келісімі бойынша белгіленді.

Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 27 қыркүйекте 1-ЖЭО, 3-ЖЭО, сондай-ақ жылу желілері мен станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Тұтынушылар орталық жылуға кезең-кезеңмен қосылады. Тұрғын үйлерге жылу беру пәтер иелері кооперативінің (ПИК), мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) мен жай серіктестіктердің (ЖС) өтінімі бойынша жүзеге асырылады. Дайындық актілерінің көшірмелерін қоса бере отырып, өтінімдерді Пригородная, 9/2 мекенжайындағы «Теплотранзит Караганда» ЖШС кеңсесіне беру қажет.

Жылыту мәселесіне жауапты аудан әкімі орынбасарларының телефондары:

— Қазыбек би атындағы аудан – 8-777-077-70-06 (Мадияр Жағабайұлы);

— Әлихан Бөкейхан атындағы аудан – 8-701-325-66-66 (Сәтпек Әбдіқалықов).

Диспетчер қызметтерімен байланыс:

— «Сенім» бірыңғай call-орталығы – 109, @senim109.kz;

— Қазыбек би ауданының әкімдігі – 41-13-53, @qazybekbi_akim_apparaty;

— Ә. Бөкейхан ауданының әкімдігі – 37-06-42, @a.bokeihan_akim_apparaty;

«Теплотранзит» ЖШС – 56-17-79, @teplotranzitkaraganda.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүруге рұқсат жоқ. Мұндай норма «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.