Хабар

Қарағандыда жаңа маусым алдында хоккей командалары таныстырылады

«Сарыарқа» командасын Владимир Князев жаттықтыруды жалғастырады, ал Qarmet командасының бас бапкері қызметінде Максим Худяков қалады.

Бағдарлама аясында өнерпаздардың концерттік қойылымдары, хоккейшілердің қолтаңба беру рәсімі және спортшылармен бірге суретке түсу мүмкіндігі қарастырылған.

«Баршаңызды отбасыңызбен бірге келуге, командалардың құрамымен танысып, жаңа маусым алдындағы біздің хоккейшілерге қолдау көрсетуге шақырамыз!» – дейді ұйымдастырушылар.

Жаңа хоккей маусымы 14 тамызда Қазақстан Кубогы турнирімен басталады. Жарысқа өткен маусым қорытындысы бойынша екі топқа бөлінген 10 команда қатысады. Ойындар Қарағанды мен Өскемен қалаларында өтеді, ал турнирдің финалдық кезеңі Қарағандыда ұйымдастырылады.

Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

#хоккей  #арена

Статьи по теме

Back to top button