Фото - gov.kz

Қарағандыда суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жеті жоба жүзеге асырылады

Қарағанды облысында суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл қосымша 2400 га айналымға енгізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жеті жобаны іске асыруда.

Сонымен қатар, теңгерімді сақтап, су ресурстарын ұтымды пайдалану қажет. Бұл үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жайлы аппараттық кеңесте мәлімделді.

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге алқаптарын суару үшін су беретін үш ұйым жұмыс істейді – бұл «Казводхоз» РМК, Қ. Сәтбаев атындағы канал, «Красная поляна» ӘКК. Сонымен қатар «Қарағанды су қоймалары» КМК-де суармалы жерлерге су беру мәселесі пысықталуда. «Казводхоз» РМК-ның суды жұмсау және бөлу есебін тиімді жүргізу үшін сандық технологиялар енгізілді. GSM-модемдері бар 11 бекет орнатылды, – деп хабарлады Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрбек Серіков.

Оның айтуынша, су ресурстарын есепке алу жүйесін жаңғырту жоспарланған.

Бұдан басқа, осы жылы Саран және Шалғы су қоймалары, Манақ бөгеті күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Нұра, Солонка және Ақбастау өзендерін санациялау бойынша бес жобаны іске асыру жоспарланған.

Басқарма басшысының ақпараты бойынша, өңірде үш жаңа су қоймасын салуға ТЭН (технико-экономикалық негіздеме) әзірленуде. 2023-2024 жылдары облыста «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша 73 шақырым суару каналдарын қайта жаңарту жоспарлануда.

Бұл жобаларды жүзеге асыру суармалы егіншілікті кеңейтуге бағытталған.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров суармалы суды үнемдеуге мүмкіндік беретін технологиялар туралы айтып берді. Ауылшаруашылық кәсіпорындары заманауи бүрку қондырғыларын сатып алады. Мемлекет жабдық құнының жартысын субсидиялайды. Сонымен қатар, суармалы суды жеткізуге субсидия төленеді.

Жұмыс істеп тұрған су қоймаларын қайта жаңарту суармалы судың қосымша көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрақты суару кезінде шығынды азайту есебінен қолданыстағы су балансын барынша сақтау қажет, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанның қай өңірлерінде ауа тым қатты ластанған?

Атмосфераға шығатын ластауыш заттардың жартысынан көбі Павлодар мен Қарағанды облысына тиесілі. 2021 жылы барлық стационар …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.