Қарағандыда Карлаг зерттеушісі құнды құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсырды

Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты өткен ғасырдағы қуғын-сүргіннің қатыгез қасіреті туралы шындықты толық ашуға көмектесетін құнды құжаттармен толықтырылды. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков «Карлаг: болашақ үшін естелік» ғылыми-зерттеу жобасының идея авторы жеке мұрағатын табыстады.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында тарихи материалдар мемлекеттік мұрағаттағы кездесуде таныстырылды. Оған тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар шақырылды.

Зерттеушінің сыйында Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Финляндия және басқа елдердің мемлекеттік мұрағаттарынан жиналған құжаттар бар. Іздеу географиясы кең – Қарағанды облысынан Сібірге дейін (Ресей Федерациясы). Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасынан алынған құжаттар бар.

Бұл материалдар ГУЛАГ пен Карлаг тарихы туралы көбірек мәлімет алуға мүмкіндік береді. Статистикалық деректер, жынысы, жасы, әйелдердің еңбегі, лагерь тұтқындарының ұлттық құрамы және тағы басқалары бойынша қамаудағылардың саны туралы мәліметтер мен анықтамаларды қамтиды. Нұрлан Дулатбеков Құмды, Таулы, Еменді, Өзенді, Дала және т. б. ерекше лагерлерге қатысты бірқатар құжаттарды тапсырды.

Бұдан басқа, революцияға дейінгі кезеңдегі мемлекет тарихы мен құқығы бойынша «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелерінің қызметін көрсететін құжаттар ұсынылды.

НКВД совхозының Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясында жұмыс істеген қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдардың еңбектері қызығушылық тудырады. Мысалы, А.В. Аркыданский «Суармалы көкөніс шаруашылығын ұйымдастырудың агротехникасы бойынша қысқаша практикалық нұсқаулық» (1937 ж.), В.А. Эвальд «Карлаг аумағындағы құрғақшылық» (1939 ж.) және т. б.

Сондай-ақ Карлагта өзінің баспаханасының болуы туралы, «Путевка», «Социалистік мал шаруашылығы үшін», «Жаңа техника үшін» атты үш газеттің шығарылғаны туралы құжаттық куәліктер бар, оларды басып шығару органы НКВД Карлагының саяси бөлімі, совхозы болды.

Жеке мұрағат фотосуреттермен, БАҚ-тағы көптеген жарияланымдармен толықтырылған.

Кездесу барысында «Ғалым. Азамат. Тұлға» атты тарихи-деректі көрме ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Жүргізуші куәлігін онлайн режимінде алуға болады

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *