Қарағандыда көрікті аулалар көбейіп келеді

Қарағандыда көрсең көз тоятын көрікті аулалар көбейіп келеді. Тазалығы өз алдына, құлпырған гүлдер мен жайқалған жасыл желек саясы жұрттың сүйікті демалыс орнына айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жағалай қойылған аң мүсіндері аса шеберлікпен жасалыпты. Ең қызығы, мұның барлығы жергілікті биліктің емес, осындағы тұрғындардың қолынан шыққан. «Жақсыны көрмекке», – дейді. Алыстан көз тартатын мына көрікті ауланы айналып өту мүмкін емес. Жел диірмен, құдық, тіпті паровозға дейін бар. «Үй жанына өтіп бара жатқан кез келген адам суретке түспей кетпейді», – дейді жергілікті тұрғындар.

Владимир Тимофеев, қала тұрғыны: «Бұл аулаға келгенде құдды бір ертегі әлеміне енгендей әсер аламын. Шебердің жанын салып жасағаны сезіліп тұр. Балаларымды әкеліп, көрсеткім келеді. Өте әдемі».

Мұнда аң-құстың да сан түрін кездестіруге болады. Жылқы, қабан, бұғы, тіпті қызылды-жасылды қауырсынын жазған тауыс та бар. Өткен жылы қатты дауыл соғып, қаншама ағашты қиратып кетіпті. Тұрғындар оның барлығын қоқысқа тастамай, кәдеге жаратқан. Бұған қоса, тозған ыдыстарды, көлік дискілерін, допты да пайдаланған.

Сергей Селиверстов, қала тұрғыны: «Тұрғындар барлығын өз қолымен жасады. Бұрын бұл жерде қалың ағаш болатын. Барлығын ретке келтірдік. Былтырдан бері жұмыс тоқтаған емес. Үнемі жаңартып отырамыз».

Мұндағы құлпырған гүлдер көздің жауын алады. Оны жыл сайын өзгертіп отырады екен. «Ең бастысы, бұл бастамамыз тұрғындардың ұйымшылдығын арттырды», – дейді жұрт.

Автор: Alyona

Читайте также

«Сарыарқа» газ құбырының қуаты Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға ғана жетеді – энергетика министрі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов БАҚ өкілдеріне елдің солтүстігі мен шығысындағы өңірлерді газдандыру мүмкіндіктері туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.