Қарағандыда Головкин – Альварес жекпе-жегі үлкен экрандардан көрсетіледі

Қарағандылықтар Головкин – «Канело» жекпе-жегінің трансляциясын үлкен экрандардан көре алады.

Жексенбі, 18 қыркүйек күні Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін үшінші айқас өтеді. Бұл титулдарға қазір Альварес ие. Қарағандылықтар жекпе-жекті қаланың екі үлкен экранынан көре алады.

Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, жекпе-жек Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің (Магнитогорская көшесі, 19) және «Шахтер» стадионының шығыс трибунасының жанындағы LED-экрандарда көрсетіледі. Басталуы сағат 07:00-де.

Айта кетейік, Геннадий 1982 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Головкин – «Канело» кездесуі Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында өтеді. Осы бокс кеші екі талантты спортшының бәсекелестігінде нүкте қоюы тиіс. Себебі осыған дейінгі екі жекпе-жектің алғашқысы тең есеппен аяқталса, екіншісі мексикалық боксшының пайдасына шешілді.

Жалпы қазақстандықтар бокс кешін Qazsport телеарнасынан тікелей эфирден көре алады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды, Атырау және Сарыағашта диабет орталығы ашылады

Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Қазақстанда соңғы 15 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *