КультураНовости

Қарағандыда ARQA Fest этнофестивалі өтеді

26 шілде күні Қарағанды қаласының Орталық саябағында ARQA Fest атты этномәдени фестиваль ұйымдастырылады. Шараға қатысу – тегін.

Сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Қарағандыда жасалған» атты жергілікті брендтер мен қолөнер туындылары жәрмеңкесі жұмыс істейді.

Фестиваль аясында ұлттық стильде безендірілген фотозоналар – киіз үйлер мен дәстүрлі ою-өрнектер орнатылады. Сонымен қатар, тегін фотокабина қызмет көрсетеді.

Бағдарламада ерекше мәдени іс-шаралар жоспарланған: авторлық перформанс ретінде текеметке ою басу рәсімі, музыкалық терапия сессиясы, поэзиялық оқылымдар және түрлі сыйлықтар мен тосынсыйлар бар.

Балаларға арнайы аниматорлар қатысатын ойын-сауық алаңы ұйымдастырылады – бұл отбасымен демалуға тамаша мүмкіндік.

Кешкі сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін қазақстандық және жергілікті танымал өнерпаздардың қатысуымен үлкен концерт өтеді. Сахна төріне Райымбек Сатыбалды, Тимур Омаров, Дәуір Темірғалиев, Еламан Мәженов, Ілияс Қабдырай және Royal Flush Band шығады. Кештің басты жұлдызы – Мархаба Сәби. Мерекелік көңіл-күйді авторлық DJ-сет аяқтайды.

Статьи по теме

Back to top button