Хабар

Қарағандыда алғаш рет үлкен теннистен халықаралық турнир өтеді

Халықаралық біріншілікте Виталий Дьяченко мен Мария Мельникова, белоруссиялық Юлия Готовко, Нидерланды өкілі Сюзан Ламенс секілді жоғары деңгейдегі теннисшілер өнер көрсетеді.

Қарағандының жаңа теннис орталығының корттарында жалпы жүлде қоры 50 мың доллар болатын екі беделді әйелдер турнирі өтеді. ITF W25 сериясының жарыстары 18–24 қазан аралығында және 25-31 қазан аралығында өтеді.

Жеке разрядтың негізгі кестесінде үш қазақстандық – Гозаль Айнитдинова, Жібек Құламбаева және Екатерина Дмитриченко ойнайтыны белгілі. ҚР тағы бірнеше жас спортшылары ұйымдастырушылардан wild card (арнайы шақыру) алады.

Халықаралық біріншілікте жоғары деңгейдегі теннисшілер өнер көрсетеді. Бұл ресейлік Виталий Дьяченко мен Мария Мельникова, белоруссиялық Юлия Готовко, Нидерланды өкілі Сюзан Ламенс.

Естеріңізге сала кетейік, үлкен теннистің жаңа орталығы Қарағандыда 2020 жылдың күзінен бері жұмыс істей бастады. Оның инфрақұрылымы барлық әлемдік стандарттарға жауап береді: 11 корт (оның жетеуі жабық), жалпы және арнайы дене даярлығының екі залы бар. Бұл Қазақстандағы ең үздік теннис орталықтарының бірі. Техникалық жабдықтар республикалық және халықаралық турнирлерді өткізуге мүмкіндік береді. ITF W25 біріншілігі ең жоғары деңгейдегі алғашқы жарыс болады.

Ұйымдастырушылар турнирге көрермендерді шақырады. Ashyq бағдарламасы бойынша кіру тегін.

 

 

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button