


30 тамыз күні Қарағандыда Конституция күні мен Шахтёр күніне орай облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сауда-саттық таңғы сағат 09:00-де басталады.
Жәрмеңке барысында тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдері, ет және сүт тағамдары, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің тауарлары нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен ұсынылады.
Іс-шара өтетін орын: «Global City» сауда-ойын-сауық орталығы (134-есептік квартал, 921-ғимарат).
Жәрмеңкеге бару үшін № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02 және 29 бағытындағы автобустар мен маршруттық таксилер қатынайды.