КультураНовости

Қарағанды саябағында қоқыстан жасалған піл мүсіні орнатылды.

Қарағандыда ерекше піл мүсіні пайда болды. Ол тірі болмаса да, ерекше әрі сүйкімді көрінеді. Мүсін 10 мыңға жуық сусын қақпағы, пластик бөлшектер, қаңылтыр банкалар мен қолшатыр тұтқаларынан жасалған.

Бұрын бұл жай ғана топиарий болса, енді Орталық саябақта орналасқан ерекше арт-нысанға айналды.

Авторы – саябақтар басқармасының суретшісі Марина Зварыгина.

— Біздің идеямыз – қоқысқа тасталатын заттардың өзінен де сұлулық жасауға болатынын көрсету. Ең бастысы – әр заттан қоқыс емес, мүмкіндік көру, – дейді ол.

Піл мүсіні қарапайым экологиялық қадамдардың да маңызын еске салады.

Back to top button