Қарағанды облысының ХҚКО-да «жеңілдік терезелері» жұмыс істейді

Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «жеңілдікті терезелер» жұмыс істейді, деп хабарлайды novoetv.kz тілшісі.

«Жеңілдікті терезелер» арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер және соғыс ардагерлері мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады. «Жеңілдік терезесіне» міндетті түрде онлайн түрде кезекке тұрасыз, уақытын алдын ала брондау қажет.

«Осындай «жеңілдікті терезелер» барлық ХҚКО-ларда бар. Олар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін келушілер аталған санаттардың қайсыбіріне жататындығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар және ҰОС ардагерлері ХҚКО қызметкерін 1414 байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін үйіне шақыра алады. Тапсырыспен үйге келу 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минут ішінде алатын болады – министр

Жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.