Хабар

Қарағанды облысының тұрғындарына мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатыны еске салынды

Халыққа ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік кірістер органдарында 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.

1 қазанға дейін жеке тұлғалар 2020 жылға мүлік салығын төлеуі қажет. Салық төлемдері бойынша есептелген соманы немесе берешекті қайда тексеру керектігі туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қанат Балтабеков Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен онлайн-брифингте айтып берді.

“Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жер және жылжымайтын мүлік салығы бір мүлікке біріктірілген”, – деп атап өтті спикер.

Мүлік салығының сомасын қайдан білуге болады:

– Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында – https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd?lang=kk, «Электронды сервистер» бөлімінде;

– «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында – «алдағы төлемдер» сервисі (қосымшаны App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады);

– банктердің мобильді қосымшаларында (Kaspi.kz, Homebank).

Сондай-ақ, спикер 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталатынын еске салды.

“Халыққа ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік кірістер органдарында 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Орталыққа мүлік салығы бойынша да жүгінуге болады. Салықтарды Екінші деңгейдегі банктер немесе төлем терминалдары арқылы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелерінде төлеуге болады. Өз салық міндеттемелерімізді уақытылы (2021 жылдың 1 қазанына дейін) орындауға шақырамыз”, – деді Қанат Балтабеков облыс тұрғындарына.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button