Хабар

Қарағанды облысының мектептерінде оқушыларды скринингтік тексеру жүргізіледі

Қарағанды облысында мектеп медпунктерінің базасында оқушылардың жоспарлы скринингтері өтеді. Оқушыларды стоматолог, офтальмолог, хирург, отоларинголог, эндокринолог, невропатолог және басқа да салалы мамандар қарайды.

Биыл медициналық сақтандыру қоры өңірдегі мектеп медицинасына 1,3 миллиард теңге бөлді.

Мектеп медпунктеріне қызмет көрсетумен облыстың емханалары айналысады. Олар аталған медициналық кабинеттерді орта медицина қызметкерлерімен, вакцинациялау үшін қажетті жабдықтармен, ұйымдастыру техникасымен және аурулардың алдын алу бойынша үлестірмелі материалдармен, сондай-ақ балаларды қарауға және алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған құралдармен қамтамасыз етеді.

“Біздің №1 көпбейінді аурухананың емханасына алты мектеп бекітілген. Медицина қызметкерлері балалар мен педагогтардың профилактикалық және скринингтік медициналық тексерулерін, COVID-19-ға қарсы профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыруға, маусымдық аурулардың алдын алуға жауап береді”, – деді Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Любовь Ковалева.

Сонымен қатар, мектеп медбикелері оқу орындарындағы асханаларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын және аспаздар мен асхана қызметкерлерінің жағдайын бақылап отырулары тиіс.

Скрининг – бұл қауіпті факторларды және ауруды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. Бұл шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button