Қарағанды облысының емханаларында тегін дәрі-дәрмек жетіспейді

Теміртау прокуратурасы қаласының емханаларына тексеру жүргізіп, созылмалы сырқатпен ауыратын науқастар үшін тегін дәрі-дәрмек үлестірудегі олқылықтарды анықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Алайда дәрігерлер тегін дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне еш қатысымыз жоқ дейді. Олар тегін дәрілер емханаларға түскен бойда таратылып, бәріне бірдей жетпей қалатынын айтады.Қала прокурорлары тексеруді басшылықтың бұйрығы негізінде жүргізді. Тәртіп сақшылары емханалардың бірінде науқастарға тиісті дәрінің жоқтығын анықтап та үлгерді.«Тексерудің нәтижесі анықталғандай, Теміртау қаласының 25 тұрғынына дәрі-дәрмек толық көлемде берілмеген. Аталған азаматтар жүректің ишемиялық ауруы, қан қысымы, қант диабеті және басқа да аурулармен ауырған», – деп мәлім етті Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Рүстем Танышпеков.

Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, емхана басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алайда, ақ халаттылар тегін дәрі-дәрмектің жетпей қалуына біздің еш қатысымыз жоқ деп отыр.Олар Денсаулық сақтау басқармасына жыл сайын өтінім беріп, дәрі-дәрмекті ертерек сатып алады. Алайда тегін дәрі-дәрмекті қажет ететіндердің саны жыл ішінде өсіп кетеді. Ондай адамдар келесі жылдың өтініміне енгізіледі. Биыл бірінші емхананың басшылығы дәрі-дәрмек сатып алу үшін жергілікті бюджетке сомасы 211 млн теңгеге өтінім жасағанымен, ол 142 млн теңгеге, яғни жартылай ғана қанағаттандырылған.Емханаларда тегін дәрі алғашқы түскен күні-ақ таратылып кетеді. Препараттарға тапшылықты болдырмас үшін, дәрігерлер өзге емханалардағы дәрі-дәрмектермен алмасады.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емханалардан, кімде қандай дәрі-дәрмек артылуда, кімде тапшы, сол туралы ақпарат сұратады. Біз осындай мәліметті ұсынамыз, сосын тапшы дәріні  облыстық басқарма емханаларға бөледі», – дейді Г.Есімсейітова.

Автор:

Читайте также

Соғым шүйгінді ме, сүйкімді ме: қайсы дұрыс?

Қазақ әдетте тілек айтуды «қатырады». Жылы лебіз білдіру үшін жанға шуақ, іске қуат беретін сөз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.