Новости

Қарағанды облысының экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысы Экология департаментінің жаңа басшысы болып Бегәлі Сапаралыұлы Сапаралиев тағайындалды. Оны аппараттық кеңес барысында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.

Бегәлі Сапаралиевтің мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы 2004 жылдан басталған. Ол сот саласында қызмет атқарып, кейін Маңғыстау облысының әділет департаменттерінде түрлі жетекшілік лауазымдарда жұмыс істеген.

Сонымен қатар, Астана қаласында ҚР Әділет министрлігіне қарасты Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің Өнеркәсіптік меншік басқармасын басқарды. Бұдан соң Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының аппаратын басқарып, ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысты.

2019 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін жеке секторда басқарушы лауазымда болды.

Статьи по теме

Back to top button