Қарағанды облысында жолға шықпаған автобустар мәселесі шешілді

Биыл автопарктерге жолаушы тасымалдау маршруттарына 950 млн теңге бөлінді. Тасымалдаушылардың айтуынша, олардың қажеттілігі 4 млрд теңгені құрайды.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және тасымалдаушы компанияның басшылығымен келіссөз барысында №3 автопарк өз жұмысын қайта бастайтын болды. Автобустар жолға шыға бастады.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең №3 автопарк жеті бағыт бойынша облысішілік тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды желіге шығармаған.

Олар: Қарағанды – Теміртау, Қарағанды – Саран, Қарағанды – Абай, Қарағанды – Шахтинск, Қарағанды – Шахан, Қарағанды – Топар, Қарағанды – Егіндібұлақ бағыттарындағы жолаушы тасымалдайтын автобустар.

«Орын алған жағдайдың себебін автопарк пайдалану шығындары бойынша өз шығындарын жабуға қосымша қаржы сұрайтынымен түсіндірді. Бұған ЖЖМ, амортизация, жалақы және басқа да ілеспе шығындар кіреді. Биыл автопарктерге жолаушы тасымалдау маршруттарына 950 млн теңге бөлінді. Тасымалдаушылардың айтуынша, олардың қажеттілігі 4 млрд теңгені құрайды, тек №3 автопаркке ғана 2,5 млрд теңге қажет», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қазбек Мақышев.

Басқарма өкілдері сондай-ақ автопарктердің қызметін субсидиялауды жалғастыру үшін үнемдеу есебінен қаражат табылғанын хабарлады.

Субсидияны ұлғайту мәселесі келесі жылы қаралады.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша

Автор: Корреспондент

Читайте также

Неліктен перзентханада босанған әйелді флюорографияға түсіреді?

Жас ананы перзентханадан шығармас бұрын өкпесін түсіруге жібереді. Ол не үшін керек және сәулелендіру сүт …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *