Новости

Қарағанды облысында жұмыссыз жастар үшін ақысыз тренингтер мен коучинг сессиялары ұйымдастырылады

Қарағанды облысында жастарды қолдау мақсатында Next Urpag атты көшпелі лагерь ұйымдастырылады. Іс-шара қала сыртындағы демалыс орнында өтеді. Қатысушылар бірнеше күн бойы мазмұнды және пайдалы бағдарламаларға қатысады. Бағдарламаға тұлғалық даму бойынша тренингтер, шеберлік сабақтары, мотивациялық кездесулер мен концерттік іс-шаралар кіреді. Барлық шаралар тегін өткізіледі.

– Біздің коучтар жастардың қабілетін ашуға бағытталған. Әр қатысушының жеке әлеуетін айқындап, оған қажетті мотивация мен қолдау көрсету – басты міндетіміз. Осы арқылы жастар өз болашағына сенімді қадам жасай алады, – деді Қарағанды облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Аслан Кабегенов.

Қазір лагерьге қатысу үшін тіркеу жалғасуда. Өтініштер 3 қазанға дейін 8-777-073-50-44 нөмірі арқылы қабылданады.

Next Urpag жобасы 6–10 қазан аралығында өтеді. Іс-шараны Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырып отыр.

Back to top button