Новости

Қарағанды облысында жұмыс берушілерден жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға өтінімдер қабылданады

Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығы мансаптық орталықтарда тіркелген жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыра алатын жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды. Курстардың ұзақтығы біліктілігі мен дағдыларының ерекшеліктеріне қарай 1 айдан 6 айға дейін құрайды.«Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» жобасы – бұл жұмыссыз азаматтарды білім беру мекемелерінде немесе жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында оқыту.Қазақстан азаматтары және жұмыссыздар қатарындағы азаматтар кәсіптік оқудан өте алады. Оқудан өту кезінде мемлекет жұмыссызға ай сайын 20 АЕК төлейді.Жұмыс берушіге мемлекет жұмыссызды оқыту құнын төлейді, оның мөлшерін өңірлік комиссия белгілейді.Өтінімдер беру, жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша сұрақтармен мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 60-50-50; 8-775-644-35-80 – WhatsApp.

Статьи по теме

Back to top button