
Без рубрики
Қарағанды облысында су тасқынына қарсы мұз жару жұмыстары жүргізілуде Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде мұз жару жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Бұқар жырау және Абай аудандарындағы Нұра мен Өткелсіз өзендерінде арнайы жарылыс шаралары жүргізілді.
Қарағанды облысында су тасқынына қарсы мұз жару жұмыстары жүргізілудеҚарағанды облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде мұз жару жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Бұқар жырау және Абай аудандарындағы Нұра мен Өткелсіз өзендерінде арнайы жарылыс шаралары жүргізілді.
Жалпы жұмыстар шамамен 2100 шаршы метр аумақты қамтыды. Негізгі мақсат – өзендерде мұз кептелістерінің пайда болуына жол бермеу.
Қазіргі таңда өңірдегі су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Мамандардың айтуынша, алдын алу шаралары елді мекендерді су басу қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті




