Новости

Қарағанды облысында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Абзал Жұпарұлы Рахымбаев Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекеттік қызмет саласында Абзал Рахымбаев 2010 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Ол Қарағанды қаласының Кәсіпкерлік бөлімінде экономиканың нақты секторы бойынша бас маман болып жұмыс істеген, кейін осы бөлімнің әлеуметтік-экономикалық даму секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

Әр жылдары Қарағанды қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған. Бұдан бөлек, қала әкімінің орынбасары, сондай-ақ Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары болған.

2025 жылдың шілде айына дейін Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Статьи по теме

Back to top button