Қарағанды облысында сайланған 75 әкім қызметіне кірісті

Қарағанды облысында халық сайлаған 75 ауыл әкімі қызметке кірісті. Ауыл басшылары құрамының төрттен үш бөлгі жаңартылды. Сайлауда төрт партияның өкілдері мен өзін-өзі ұсынушылар жеңіске жетті. Олардың ішінде үш әйел бар. Ең жас жаңа әкім 26 жаста.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн-кездесуде сайланғандарға халықтың сенімін ақтап, әрдайым халықтың мүддесін қорғауды тіледі.

«Нәтижелерге қарап отырсақ, көпшілігіңіз алғаш рет әкім болып отырсыздар. Сайлау өткен ауыл басшыларының құрамы 77%-ға жаңарды. Бұл өте жақсы, себебі жаңа көзқарас проблемаларды жаңаша қарауға көмектеседі», – деді облыс әкімі.

Ауыл әкімдері – бұл барлық мемлекеттік жүйенің іргетасы, деп атап өтті ол.

«Еліміздің жетістігі көп жағдайда өңірлерде, әрбір ауылда жұмыстың қалай жүріп жатқанына байланысты. Әрбір ауылдың өзіндік ерекшеліктері мен проблемалары бар, оларды шешу қажет. Әрине, ең бастысы – адамдардың мұң-мұқтажына әрдайым құлақ түру. Тек осылай ғана билік шынымен тиімді бола алады. Жерлестеріміздің сенімі қымбат. Сайлау науқаны кезінде берген уәделеріңізді ұмытпаңыздар», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Абай ауданының Қарағанды ауылдық округін 26 жастағы Владислав Кирей басқарды.

«Ел тарихында алғаш рет ауыл тұрғындары әкімдерді сайлады. Бұл демократия мен жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын көрсетеді. Бұл сайлау жастардың басқарушы ретінде өз күшін сынап көруге барлық мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Қызметке кірісе отырып, табыс адамдардың өмірінің жақсаруына және округтің дамуына байланысты болатынын түсінемін», – деп есептейді ең жас әкім.

Қарағанды облысында 257 кандидаттың ішінен 75 ауыл әкімі сайланды. Дауыс беруге 61 846 сайлаушы қатысты – бұл 75,85%. Сайлауда 14 өзін-өзі ұсынған және Nur Otan, «Ауыл», «Ақ жол», ADAL партияларының өкілдері жеңіске жетті.

Таңдап алынған әкімдердің толық тізімімен мына жерде танысуға болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Алдағы қыс қандай болады: Қазгидромет болжамы

«Қазгидромет» РМК 2021 жылғы қараша — 2022 жылғы наурыз айларына консультативтік маусымдық ауа райы болжамын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *