Қарағанды облысында ойын-сауық орталықтары, цирк және қонақ үйлер ашылады

Қарағандыда облыстың бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Аталмыш құжатқа сай, кеншілер өңірінде 8 маусымнан бастап балалардың ойын-сауық орталықтары, цирк пен қонақ үйлер, санаторийлер мен демалыс үйлері өз жұмысын қайта бастайды.

Қаулы бойынша келесі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының тізімі кеңейтілді, балаларға арналған (жабық түрдегі) ойын-сауық орталықтары, цирктер, отельдер, қонақ үйлер қосылды.

Осылайша, балалар ойын-сауық орталықтары (жабық түрдегі) бір адамға кемінде 10 ш.м. аумақ беріліп, 30 адамнан аспай жұмыс істеуі керек;

Ауданы 1000-нан 3000 шаршы метрге дейінгі балалар ойын-сауық орталықтарында (жабық түрдегі) бір адамға кемінде 10 ш.м. аумақ беріліп, 60 адамнан аспай жұмыс істеуі керек;

— Цирктер адам сыйымдылығын 30%-дан асырмай жұмыс істей алады;
— Отельдер, қонақүйлер қызметі шектеусіз;
— фуд-корттарға сағ. 22-00 ге дейін (бұрынырақ сағ. 20-00 дейін) жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Департаментте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын сақтамай, оқшаулау режимін бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатыны туралы еске салды.

«Сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тиісті әкімшілік-аумақтық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы шығарылады.

12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға кіруі «Ashyq»қосымшасында ерікті түрде тіркелу арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, жобаға қатысушы кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын басқа платформалар арқылы пайдалануға болады. Мысалы, осы қосымша eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, www.ashyq.kz. сайты арқылы қолжетімді.

Сондай-ақ, сенбі және жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар қозғалысы келесі бағыттарда: Қарағанды — Теміртау — Қарағанды; Қарағанды — Саран — Қарағанды; Қарағанды — Шахтинск — Қарағанды; Қарағанды — Абай — Қарағанды; Қарағанды — Шахан — Қарағанды; Қарағанды — Топар – Қарағанды қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар облыста санаторий-курорттық ұйымдар (үйлер, демалыс орталықтары мен демалыс аймақтары, санаторийлер мен профилакторийлер) ғимараттарды жобалық қуатының 80%-нан аспайтын көлемде толтырумен және жағажайлардың жұмыс істеуімен (бұрын жағажайлардың жұмысына тыйым салынған) қызмет етеді.

Қаулы 2021 жылғы 8 маусым күні сағат 00-00 бастап күшіне енді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Онлайн, қашықтан оқыту, көктемгі каникул: БҒМ маңызды сұрақтарға жауап берді

Бүгін «БҒМ LIVE» жобасында Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова үшінші …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *