Новости

Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінім қабылдау жүріп жатыр.

Қарағанды облысында 15 мамыр мен 15 маусым аралығында дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық және қалалық кезеңдеріне өтінімдер қабылдануда. Бұл кезеңнің жеңімпаздары облыстық деңгейде өңірдің ең үлгілі отбасын анықтайтын байқауға жолдама алады.

Байқауға еңбекқор, спортта, ғылымда, өнер мен шығармашылықта, зияткерлік сайыстарда жетістікке жеткен және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын отбасылар қатыса алады.

1 шілдеде аудандық және қалалық комиссиялар жеңімпаз отбасылардың портфолиосын дайындап, облыстық кезеңге ұсынады. Облыстық турда ұлттық байқауға қатысатын үздік отбасы таңдалады.

Ұлттық деңгейдегі марапаттау рәсімі қыркүйек айында Астанада өтеді. Жеңімпаздарға дипломдар, арнайы мүсіншелер және естелік сыйлықтар табысталады.

Қосымша мәліметті қатысушының тұрғылықты жеріндегі аудандық немесе қалалық әкімдіктер жанындағы комиссиялардан алуға болады.

Байқау отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік пен рухани құндылықтарды насихаттауға және қазақстандық отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Статьи по теме

Back to top button