Қарағанды облысында күзгі-қысқы аң аулау маусымы ашылды

Аң аулау, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлерін жою ережелері сақталмаған жағдайда заң бұзушылар браконьерлік үшін жауапқа тартылатын болады.

1 қарашадан бастап Қарағанды облысында терісі бағалы аңдарды аулау маусымы ашылды. Ол 15 ақпанға дейін жалғасады.

«Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында 139 аңшылық шаруашылығы бар, оның ішінде 106-ы аңшылық пайдаланушыларға бекітілген, ал 33-і уәкілетті органмен өзгеше белгіленбесе, аумағында аң аулауға тыйым салынған резервтік қорда. Жануарлардың мерзімдері мен түрлеріне сәйкес аң аулауды жүзеге асыруды, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту мақсатында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауды сұраймыз», – деп атап өтті Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Аң аулауды ұнататындардың тиісті құжаттары болуы қажет: жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары. Атыс қаруымен аң аулау кезінде — азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат.

Аң аулау, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлерін жою ережелері сақталмаған жағдайда заң бұзушылар браконьерлік үшін жауапқа тартылатын болады.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша

Автор: Корреспондент

Читайте также

Какой будет погода в Казахстане 26 мая

Погода на территории Казахстана на четверг, 26 мая. В Нур-Султане переменная облачность, днём дождь, ветер …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.