Қарағанды облысында ерекше балаларды жаттықтыратын бапкерлер оқытылады

Қарағандыда ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесіп, денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу, медициналық көмек көрсету, мәдениет мекемелеріне бару, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы мәселелерін көтерді.

Алдыңғы кездесуде ата-аналардан келіп түскен мәселелер бойынша өңір басшысы бірқатар тапсырма берген болатын. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар жайлы ведомство басшылары баяндады.

«Ата-аналардың өтініші бойынша сауалнама әзірленді, ол Google жүйесі арқылы екі тілде өзектендірілді. Сауалнама нәтижелері талданды. Ата-аналармен кездесуде қорытынды жасалып, білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Мамыр айында барлық проблемалық аймақтар бойынша қайта сауалнама жүргізіледі», – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Сондай-ақ аутизмі бар балаларға арналған орталық өз жұмысын 1 қыркүйекте бастайды. Қарағандыда тағы бір Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ашылуы балаларда дертті ерте анықтауға мүмкіндік берді.

Колледждерде оқуын жалғастыра алмайтын түлектер үшін оныншы өндірістік сыныптар ашылды. Онда жабдықтар жаңартылды. Сондай-ақ аграрлық, тігін және слесарлық оқыту үшін қажеттінің бәрі сатып алынды.

«Өңірде ерекше балалармен жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жалғасуда. Мамыр айында 600-ден астам мұғалім мен 60 ата-ана қосымша оқудан өтеді. Ресей академиясының бейімделген дене шынықтыру бойынша онлайн курстары басталады. Оларға 10 жаттықтырушы қатысады. Нәтижесінде аутизмі бар тағы 80 бала жүзуді үйренуге мүмкіндік алады», — деді Білім басқармасының басшысы.

Ал Мәдениет басқармасы жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар балалардың кіруіне өз мекемелерін бейімдеуге тырысады. Биыл Саңыраулар мәдениет үйі мен үш мұражай – Қарағанды тарихи-өлкетану, Балқаш және Қарқаралы мұражайлары бейімделетін болады.

Өткен кездесуде ата-аналар Оңалту орталықтары туралы ақпараттың жоқтығына шағымданды. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі қазір барлық мәліметтер қолжетімді екенін айтты. Сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы балаларды оңалтудың Ұлттық орталығына кезек бойынша ақпарат орналастырылды.

Инватакси қызметтерін пайдалана алатын тұлғалар тізімі кеңейтілді. Қарағандыда жақын арада арнайы көлік аутизмі бар балаларға да қолжетімді болады.

Жеңіс Қасымбек мұндай кеңестерді тұрақты түрде өткізіп, жауапты тұлғалар мен ведомстволардан ерекше балалардың ата-аналарында туындайтын мәселелерді шешуді талап ететінін жеткізді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Трендте – түрлі-түсті шаш. Денсаулыққа зиян болмас үшін қалай бояу керек?

Бас терісінде жара немесе басқа да зақым болса шашты бояуға болмайды. 2022 жылы түрлі-түсті шаш …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.