Новости

Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылуда

Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Бұл мәселе облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жиында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік-мәдени нысандарды жылумен тұрақты қамтуға ерекше назар аударылды.

Кеңеске аудан әкімдері мен салалық басқарма басшылары қатысып, жөндеу жұмыстарының барысы туралы есеп берді. Абай, Ақтоғай және Осакаров аудандарының әкімдері қыс маусымына дайындық жайында баяндап, қазіргі таңда жылу нысандарында жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатқанын, қажетті құрал-жабдықтардың жаңартылып, көмір мен отынның жеткілікті қоры қалыптастырылып жатқанын айтты.

Өз сөзінде Ермағанбет Бөлекпаев жылыту маусымына дайындықты стратегиялық маңызды міндет ретінде атап өтіп, бұл жұмыстар нақты жоспарға сай әрі жүйелі түрде атқарылуы керектігін жеткізді.

— Жылыту маусымына әзірлікті үнемі бақылауда ұстау қажет. Ауа райы суытқанша барлық әлеуметтік нысандар толық дайын болуы тиіс. Отын қоры алдын ала қамтамасыз етіліп, қосымша қазандықтарды іске қосу үшін резервтік жүйелер әзірленуі керек. Бұл – жылумен үздіксіз қамтудың негізгі талабы, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңір басшысы жұмыс кестесінен кешігіп жатқан нысандардағы жөндеу қарқынын арттыруды тапсырды. Ол сондай-ақ дайындық сапасы барлық деңгейдегі органдар мен жылу жеткізуші мекемелердің үйлесімді жұмысына тікелей байланысты екенін еске салды.

Статьи по теме

Проверьте также
Close
Back to top button