Қарағанды облысында 170-тен астам білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Қарағанды облысында алдағы оқу жылына белсенді дайындық жүріп жатыр. Биыл 175 білім беру нысаны жөндеуден өтіп жатыр, оның 32-сі күрделі жөндеуден өтуде. Барлық жұмыстар 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жөндеу жұмыстары үш бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Олар: жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысында 405 мектеп жұмыс істей бастайды. Партаға 17 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары отырады.

Жаңа оқу жылында 11а ықшамауданының оқушыларын жаңа мектеп қабылдайды. Сондай-ақ қыркүйек айына қарай Теміртаудағы 12-ші мектеп ғимаратын қайта жаңғырту аяқталады.

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді.

Мектептері жоқ облыстың шалғай елді мекендерінде оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылады.

27 мектепке дейінгі ұйым да жөнделуде. Облыста барлығы 36 823 орындық 415 балабақша мен шағын орталық бар.

«Жаңа оқу жылында өңірде 54 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 36 – мемлекеттік, 18 – жекеменшік. Биыл жергілікті бюджеттен орта буын мамандарын және қолданбалы бакалавриатты, жұмысшы кадрларды, медиктерді даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 3,2%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, «Білімді ұлт» сапалы білім беру бағдарламасы бойынша мың орын бөлінді», — деп хабарлады білім басқармасында.

4 шілдеден бастап санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен мониторингтік топтардың объектілердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру бойынша бірлескен жұмысы басталды.

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Бақытты отбасы» ипотекасына қатыса алатын отбасы санаттары артты

Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.