Қарағанды облысында 100 жеделсаты жаңартылады

Өткен жылы аймақтың Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Сәтбаев және Шахтинск қалаларында 102 лифт жаңартылған. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Жоспарда 100 жеделсатыны жаңарту.

Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы өңірлік коммунакациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

2020 жылы Қарағандыда 64, Теміртауда 32, Балқашта 3, Сәтбаевта 2 және Шахтинск қаласында 1 жеделсаты жаңартылған.

Жаңартылған жеделсатылардың 95-і несие қаражаты есебінен, 4 лифт «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының» есебінен және тағы да 3 лифт тұрғындардың жеке қаражаты есебінен жөнделді. Өткен жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» республикалық акционерлік қоғамынан көпқабатты тұрғын үйлердегі лифттік құрылғыларды жаңарту мақсатында несие алынған болатын. Несие 8 жылға алты пайыз үстемемен, ай сайын бөліп төлеу мүмкіндігімен берілді, — дейді Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы облыс бойынша 100 жеделсаты жаңартылады деп күтілуде. Сонымен қатар тозығы жетіп, ескірген тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жөндеу жұмыстары да жүргізілетін болады.

ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары» заңына сәйкес қалалар мен елдімекендерге біріңғай архитектуралық реңк беру мақсатында 2020 жылы облыстағы 469 көпқабатты үйдің шатыры мен қасбеті жөнделді. Жөндеу жұмыстары үшін қаржыландырудың барлық көздерінен 7,667 миллиард тенге көлемінде қаржы бөлінді. Биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасын тауып, 74 көпқабатты тұрғын үй жаңартылатын болады. Шатыры мен қасбеті жөнделетін үйлердің басым көпшілігі Сәтбаев қаласында. Мұнда 20 тұрғын үй жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Теміртауда 15, Балқашта 13, Жезқазғанда 2, Приозерскте 4, Саранда 3, Қаражалда 1 және Ақтоғай ауданында 9, Қарқаралы ауданында 4, Абай ауданында 3 тұрғын үй жаңартылатын болады, — дейді Үсенов.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Жаз-2021: Қарағандының «Жасыл ел» жасақтарына 320 адам жұмысқа орналастырылды

Жауынгерлер Орталық саябақта, Мәңгілік алау алаңында, Жеңіс саябағында, облыстық мешіт аумағында, триатлон саябағында, Жаңа Майқұдық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *