Понедельник, 6.02.2023

Қарағанды облысында қандай ауылдардың әкімдері сайланады

Қарағанды облысында 10 сәуірде әкімдерді сайлау жүргізіледі. Олар тек ауылдар мен кенттерде ғана өтпейді. Халық дауыс беру арқылы Абай қаласының әкімін сайлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Абай әкімінің лауазымына төрт кандидат тіркелген. Солардың бірі –қазіргі қала басшысы Медеу Ахметов, ол Amanat партиясының атынан сайлауға түседі. Оған өзін-өзі ұсынған екі мемлекеттік қызметші – аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ақниет Абжатов және дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амангелді Нұрмұханов бәсекелес болады. Қазақстанның Халық партиясынан сайлауға спорт клубының жаттықтырушысы Гүлнар Қосаева қатысады.

Оныншы сәуірде сондай-ақ келісі елді мекендердің әкімдері сайланады:

  • Жезқазған қаласының Кеңгір кенті;
  • Абай ауданының Есенкелді және Құрма ауылдық округтері;
  • Ақтоғай ауданы Шабанбай ауылдық округі;
  • Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылдық округінің Ақтөре ауылы;
  • Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі;
  • Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округі;
  • Нұра ауданының Құланөтпес ауылы;
  • Осакаров ауданының Қарағайлы және Пионер ауылдық округтері;
  • Ұлытау ауданы Қарсақпай кенті.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қажылыққа барарда алаяқтарға ұрынып қалмаңыз: маңызды кеңестер

Таяуда қажылыққа жолдама алған 100-ге жуық отандасымыз сан соғып қалғаны туралы хабар тарады. Қасиетті жерге …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *