Новости

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында күрделі лапароскопиялық операцияларды жүргізуге арналған жаңа заманауи құрылғы орнатылды

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында лапароскопиялық операцияларға арналған жаңа 3D-тірек орнатылды. Бұл заманауи құрылғы хирургтарға күрделі операцияларды пациент үшін қауіпсіз және аз инвазивті жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жаңа жабдық жоғары ажыратымдылықтағы камерамен және тәуелсіз жарық көзімен қамтылған. Бұл ішкі ағзаларды үлкен тіліксіз көруге жағдай жасайды.

– Жаңа лапароскопиялық құрылғы 3D режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, кіші жамбас секілді тар кеңістіктерде күрделі хирургиялық және реконструктивтік операцияларды орындауды жеңілдетеді, – деді хирургиялық орталық басшысы Борис Цхай.

Ауруханада бұған дейін де лапароскопиялық операцияларға арналған құралдар болған, бірақ олардың техникалық мүмкіндіктері шектеулі және ескі болған. Енді бұл жаңа жүйе ресми түрде іске қосылып, қызмет көрсетуде.

Аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа құрылғымен жиырмаға жуық ота жасалып үлгерген. Барлық операциялар МӘМС аясында жолдама бойынша тегін өткізіледі. Жоспарлы оталарға Қарағанды облысы ғана емес, басқа өңірлерден де пациенттер келе алады.

3D технологиясы арқылы жасалатын операциялар аз жарақатпен өтеді, қан кету деңгейі төмендейді және пациенттердің операциядан кейінгі сауығу уақыты қысқарады.

Back to top button