
Қарағанды облыстық Құрылыс басқармасына жаңа басшы келді
Саян Мұратұлы мемлекеттік қызметте 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын Балқаш қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бастаған. Онда абаттандыру, автомобиль жолдары, жолаушылар тасымалы және коммуналдық шаруашылық салаларына жауапты бас маман болды.
Кейін Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында түрлі лауазымдарды атқарды – алдымен сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы, кейін сол бөлімнің басшысы болды.
2022–2024 жылдар аралығында Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2024 жылдың қазан айынан бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп, енді осы құрылымның жетекшісі ретінде тағайындалды.




