Қарағанды мен Шығыс Қазақстанда жылыту жабдықтары уақытылы жөнделмеген — министр

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі мақсатында энергетикалық кәсіпорындарды күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау жұмыстары жалғасуда. Жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес электр станцияларында 4 энергоблокта, 25 қазандықта, 23 турбинада жөндеу аяқталды. Ал 4 энергоблокта, 27 қазандық пен 16 турбинада жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жылу беру кезеңіне орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында 487 қазандықты дайындау үшін 1 073 қазанды немесе жоспардың 90%-ына жөндеу жүргізілді, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр жоспарға сәйкес жалпы ұзындығы 20 201 км электр беру желілері мен 712 бірлік жоғары вольтты кіші станциялардың жөнделуі тиістігін алға тартты.

Бүгінгі таңда 14 047 км электр беру желілері мен 331 кіші станция жөнделді. Бұл жылдық жоспардан желілер бойынша тиісінше 70%-ды және кіші станциялар бойынша 46%-ды құрайды. Электр желілерін жөндеу бекітілген кестеге сәйкес аяқталуда. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған. Бұдан басқа, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында күрделі жөндеулер 2023 жылға ауыстырылды, — деді Болат Ақшолақов.

Автор: Корреспондент

Читайте также

2023 жылы Қазақстанда көлік айыппұлы мен салығының мөлшері қалай өзгереді?

Ең төменгі айыппұл мөлшері 10 мың теңгеден асып түседі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.