Қарағанды емханаларында коронавирусқа қарсы қандай вакциналарды салдыруға болады

Облыста дерт жұқтыру саны өсуіне байланысты дәрігерлер коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырады. Бүгінгі таңда өңірде 160 мыңнан астам вакцина дозасы бар.

Қарағандылықтар емханада вакциналардың бар-жоғына алаңдаулы. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұған ешқандай себеп жоқ.

«Бүгінгі таңда облыстың медициналық мекемелерінде вакцинаның 160 мыңнан астам дозасы бар. Оның ішінде Qaz Vac – 8569, VeroCell – 153 530 доза», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қарағандылықтар VeroСell Қытай вакцинасын №1,№3, №5 емханаларда және «Мирас» клиникасында салдыра алады.

Ал қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мен №3 емхананың пациенттері үшін отандық QazVac препаратымен коронавирустан иммунизациядан өту ұсынылады.

Pfizer (Comirnati) вакцинасына келетін болсақ, дәрігерлер нақты ештеңе айтпады.

Көптеген емханаларда бұл препарат таусылған. Тек кейбір медициналық мекемелерде бұрын вакцинацияланған және ревакцинациядан өтіп жатқан адамдарға ғана америкалық вакцина егіледі.

Қарағанды қаласының №5 емханасындағы вакцинация орталығы келушілерді қабылдап, өз жұмысын одан әрі жалғастырып жатыр.

Мамандардың айтуына қарағанда екпе алуға ниет білдіргендер саны артқан.

Аталған медициналық мекемеге тіркелген халықтың 80 пайыздан астамы қазірдің өзінде иммундаудан толық өтіп, ревакцина алған.

«Қазіргі уақытта өз ағзаңызды қорғау үшін қайта ревакцинация жүріп жатыр. Эпидемиологиялық жағдай бізде тұрақсыз. Коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда. Сондықтан барлығын қайта вакцинациялауға шақырамыз. Таңдау мүмкіндігі қарасырылған», — дейді Қарағанды қаласы №5 емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек алу бөлімшесінің меңгерушісі Раиса Боревич.

Бұл вакцинация орталығына күн сайын 20-ға жуық адам келеді.

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, полиция қызметкерлері, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған 50 жастан асқан адамдар егіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, вакцинаны тұтыну қарқынын ескере отырып, иммунопрофилактиканы қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 500 мың доза көлемінде QazVac вакцинасын және 300 мың доза көлемінде Pfizer вакцинасын қосымша сатып алу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы бүгінгі таңда COVID-19 ауруы бойынша көшбасшылар үштігіне кіреді. 9 тамызда індеттің 200 жағдай тіркелді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Бақытты отбасы» ипотекасына қатыса алатын отбасы санаттары артты

Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.