Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа шақырады

Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа шақырады. Олар «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыс таба алады.

Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығында бүгінде жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне арналған 13 бос жұмыс орны бар. Үміткерлерге «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс беріледі. Ол соңғы үш жылда жұмыс тәжірибесі жоқ және 29 жастан аспаған түлектерге арналған.

Көбіне оларға жұмыс табу қиынға соғады, өйткені жұмыс берушілер тәжірибелі мамандарды іздейді. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы түлектер өз мамандықтары бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинай алатындай етіп құрылды. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айға дейін. Егер қызметкер өзін жақсы жағынан көрсетсе, онымен тұрақты еңбек шарты жасалуы мүмкін. Бізге осы бағдарлама бойынша жұмысқа тұру үшін сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз немесе www.enbek.kz электронды еңбек биржасы порталы арқылы тіркелуіңіз керек, – деді Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Сымбат Әубәкірова.

Орталық «есеп және аудит», «экономика, қаржы», «құқықтану», «саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару», «халықаралық қатынастар», «журналистика», «тарих», «дінтану, теолог», «әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс», «психология», «іс жүргізу және мұрағаттану», «филология», «педагогика», «аударма ісі», «техник-бағдарламашы», «байланыс техникі, жүйелік инженер» мамандықтары бойынша оқуларын аяқтаған түлектерді күтеді.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Сарыарқа» газ құбырының қуаты Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға ғана жетеді – энергетика министрі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов БАҚ өкілдеріне елдің солтүстігі мен шығысындағы өңірлерді газдандыру мүмкіндіктері туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.