Понедельник, 8.08.2022

Қарқаралы – Қарағанды жолының жөндеу жұмыстары биыл басталады

Қарағанды облысында жақын арада Қарқаралыдан Матақ ауылына дейінгі автожолды орташа жөндеуді бастайтын мердігер компания анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 10 шақырым жөнделеді, қалғаны келесі жылға жоспарланған.

Қарқаралы ауданына барар жолдың 197–207 шақырым учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Биылғы жылға барлығы 10 шақырым жол жоспарланған. Келесі жылы біз қалған 74 шақырымды жөндейміз. Жалпы алғанда Қарқаралыдан Матақ ауылына дейін 84 шақырым жол қамтылады, – деп хабарлады «Қазавтожол» компаниясының өңірлік филиалының директоры Сырым Хамзин жол бойындағы сервис жөніндегі кеңес барысында.

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысы Жеңіс Қасымбек жөндеу жүргізіліп жатқан учаскедегі жұмыстардың барысын бақылауды аудан әкіміне тапсырды. Сондай-ақ, жиналыста қозғалысы қарқынды трассаларда жол бойындағы сервисті дамыту туралы айтылды.

Барлық жолда санитарлық-гигиеналық учаскелерді тегін дәретханалармен, медициналық пункттермен жабдықтау қажет. Трассада мотельдер, қонақ үйлер, ЖЖҚС, дәретханалар, асханалар болуы тиіс. Бұл өте маңызды мәселе. Егер біз туризмді, облыс арқылы транзиттік ағынды дамытқымыз келсе, жағдай жасауымыз керек. МСҚБ-ға трасса бойындағы бірде-бір объектіні жол бойындағы сервис бойынша ұлттық стандарттарға сәйкес келмесе, келісім бермеуді тапсырамын, – деді Жеңіс Қасымбек.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Мұғалім балаларға келемеждеудің соңы неге әкелетінін түсіндірудің тамаша амалын тапты

Бүгін сабаққа екі қызыл әдемі алма алып келдім. Балалар мұны көрмеді, бірақ алманың біреуін білдіртпей, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.