Қандай мобильді аударымдар табыс ретінде саналады?

15 сәуірден бастап Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізеді.

Құжатқа сәйкес, бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады.

Салық кодексі аясында банктер кезең-кезеңмен мемлекеттік кірістер органдарына қазақстандықтардың табысы туралы ақпарат береді. Бұл процесс жалпыға бірдей декларациялауға көшу жоспарымен қатар жүргізіледі:

  • 1-ші кезеңде (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) –мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайы бойынша;
  • 2-ші кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) – бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы;
  • 3-ші кезеңде (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер (ИП) және олардың жұбайы;
  • 4-ші кезеңде (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) – халықтың қалған санаты бойынша ақпарат беріледі.

«2023 жылы екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәлімет беруді жоспарлап отыр», деп нақтылады мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған бұйрықтың жеке тұлғалар мен адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына еш қатысы жоқ. Қарапайым қазақстандықтардың кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдары бойынша мәлімет алмасу тек 2025 жылдан бастап енгізіледі.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ыстық күндері қалай терлемеуге болады?

Тер бөліну бірнеше маңызды қызметтерді атқарады. Солардың бірі — жылуды реттеу. Сондай-ақ, термен бірге ағзадан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.