Воскресенье, 26.06.2022

Қандай мамандықтар бойынша енді колледжде сырттай оқуға болмайды?

БҒМ колледжде сырттай оқуға арналған біліктілік тізімін қысқартты.

Колледж студенттері енді 53 біліктілік бойынша ғана сырттай білім ала алады. Салыстыру үшін: 2 жыл бұрын олардың саны 595 болатын.

Министрлік мұндай қысқартуды сырттай оқытудың студенттерге сапалы дағдыларды бермейтіндігімен түсіндіріп отыр. Бұл жолы сырттай оқу «Құқық», «Білім беру», «Сервис, экономика және басқару» және басқа да кадрларды даярлау бейіндері бойынша алынып тасталды.

«Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлауға қойылатын талаптарды еңбек нарығы мен жұмыс берушілер белгілейді. Ол үшін біз сырттай оқу түрінен бас тартып жатырмыз. Сондай-ақ мұндай шешімді қабылдауға түлектердің оқуды бітіргеннен кейін алатын білім мен дағдыларының жеткіліксіз сапасы себеп болды. Колледждер студенттерге жұмыс орнында білім алуға мүмкіндік беретін ірі кәсіпорындармен және бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істейді», – деді БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Сырттай оқуға арналған біліктілік тізімін қысқарту жұмыстары әрі қарай жалғасады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ыстық күндері қалай терлемеуге болады?

Тер бөліну бірнеше маңызды қызметтерді атқарады. Солардың бірі — жылуды реттеу. Сондай-ақ, термен бірге ағзадан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.