
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы «Реал Мадридке» қарсы өтетін матчқа билеттер туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Клуб өкілдері билеттерді брондау немесе сату туралы пайда болған хабарландырулардың жалған екенін атап өтті.
«Билеттер туралы тек клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары ғана сенімді дереккөз болып табылады. Қазіргі таңда билеттердің сатылымға шығу күні мен бағасы белгіленген жоқ. Жанкүйерлерден бейресми ақпаратқа сенбеулерін және билеттерді ресми емес арналардан сатып алмауларын өтінеміз», — деді клубтың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 30 қыркүйекте өтетін «Қайрат – Реал Мадрид» матчының билеттері 236 мың теңгеден бастап сатылып жатқаны туралы хабарланған болатын.




