Спорт

«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Реал Мадридпен» кездеседі

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде әйгілі мадридтік «Реал Мадридпен» ойнайтын болды.

28 тамызда Монакода өткен жеребе тарту рәсімі нәтижесінде топтық кезеңге өткен командалардың қарсыластары анықталды.

«Қайрат» өз тобында Испанияның «Реал Мадридінен» бөлек, Бельгияның «Брюгге», Грекияның «Олимпиакос» және Кипрдің «Пафос» клубтарымен кездеседі. Бұл командалар Қазақстанға келіп, алматылық командамен өз алаңында ойнайды.

Сондай-ақ «Қайрат» сырт алаңда Италияның «Интер», Англияның «Арсенал», Португалияның «Спортинг» және Данияның «Копенгаген» клубтарына қарсы ойнайды.

Матчтардың нақты күнтізбесі 30 тамызда жарияланады. Чемпиондар лигасының топтық кезең ойындары 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетсек, «Қайрат» Шотландияның «Селтик» клубын жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын.

Статьи по теме

Back to top button