Қай кезде тұмауға қарсы вакцина салу тиімді? Маман түсіндірді

Қай кезде тұмауға қарсы вакцина салу тиімді? Мамандардың айтуынша, вакцинаны қазіргі уақытта сала беру керек, өйткені күздің соңында тұмау үдей бастайды.

Штаттан тыс бас инфекционист, И.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Утаганова күзгі кезеңде бізге бұрыннан жақсы таныс, қауіпті тұмау оралатынын атап өтті.

Дәрігер тұмау вирусы маусымдық сипатқа ие екенін атап өтті. Ол әдетте қараша соңында — желтоқсан басында басталады, қаңтар-ақпанда ең үдемелі кезі. Қорғаныс иммунитетін дамыту үшін вакцинацияны алдын ала жасау керек — иммунитетті қалыптастыру үшін 2-3 апта қажет. Қазір тұмауға қарсы вакцинациядан өту үшін қолайлы уақыт. Вакцинация — бұл пневмония сияқты ауыр асқынулардың дамуына жол бермейтін әдіс.

Сонымен қатар, кез келген респираторлық инфекцияның маңызды профилактикалық шарасы салауатты өмір салтын сақтау болып табылады: таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану, бұқаралық және ғимарат ішіндегі шараларға қатыспау, витаминдер қабылдау, маска кию.

«Вакцинация алты айлық кезден басталады. 60 жастан асқан адамдарға тұмауға қарсы егуді ұсынамыз. Барлық мерзімдегі жүкті әйелдерге, 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға, қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдарға, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлеріне ДДҰ-ның вакцинациялауға абсолют көрсетілімдері бар», — деді Утаганова.

Штаттан тыс бас балалар инфекционисі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының консультанты Әділ Қатарбаев балаларға тұрмыстық заттар, балалар ойыншықтары, ыдыс-аяқ және түрлі заттардың беттері арқылы вирустар жиі жұғатынын атап өтті. Мысалы, тұмау вирусы зат бетінде 2 сағат өмір сүре алады. Әр түрлі заттарды қолына алған бала содан кейін лас қолдарымен бетін, мұрнын және көзін ұстауы мүмкін, нәтижесінде вирус шырышты қабаттарда пайда болады.

«Нәрестелердегі ЖРВИ белгілері ересектердегі аурудың ағымынан сәл өзгеше болуы мүмкін. Нәрестелер мазасызданады, емшектен бас тартады. Жөтелу қиындықтары тыныс алу жолдарында қақырықтың жиналуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай бронхтың тарылуын тудырады, ол тамақтың қырылдауымен және тыныс алудың қиындауымен бірге жүреді. Сондықтан кішкентай балаларды да вакцинациялауға кеңес беремін», — деді Қатарбаев.

Қорытындылай келе, дәрігерлер тұмаудың ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық аурулар) тобына жататынын және олардың белгілері өте ұқсас екенін атап өтті.

Тұмау белгілері:

температураның 39-40,5 градусқа дейін кенеттен көтерілуімен жедел басталуы;
бұлшықеттер мен буындардағы қатты ауырсыну;
бас ауруы, көздің ауыруы;
солғындық, әлсіздік;
тәбеттің төмендеуі немесе болмауы;
мұрынның бітелуі, шамалы ринит, құрғақ жөтел;
тамақтың ауыруы мүмкін;
жүректің кейде айнуы, құсу, диарея.

ЖРВИ белгілері:

аурудың жіті басталуы;
дене температурасының 37,5-38,0°С дейін көтерілуі;
дене мен буындардағы ауырсыну;
бас ауруы;
солғыңдық, әлсіздік;
тәбеттің төмендеуі немесе болмауы;
мұрыннан шырыштың сиректен бастап ағыл-тегіл болып ағуы, мұрынның бітелуі;
құрғақ немесе ылғалды жөтел;
тамақтың жыбырлауы және ондағы дискомфорт.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды, Атырау және Сарыағашта диабет орталығы ашылады

Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Қазақстанда соңғы 15 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *